Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

Фото: Kazinform

Бұл туралы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек шаһардағы қылмыстық ахуал турақталғанын айтты.

«Жалпы, жағдай тұрақты және бақылауда. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрі төмендеді.Атап айтар болсам, кісі өлтіру 48,9%-ға, тонау 2,4 есе, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 18,1%-ға, зорлау 27,1%-ға, интернеттегі алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді», - деді ол.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін мегаполисте күніне 2500 полиция қызметкері жұмылдырылады.