Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек шаһардағы қылмыстық ахуал турақталғанын айтты.
«Жалпы, жағдай тұрақты және бақылауда. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрі төмендеді.Атап айтар болсам, кісі өлтіру 48,9%-ға, тонау 2,4 есе, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 18,1%-ға, зорлау 27,1%-ға, интернеттегі алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді», - деді ол.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін мегаполисте күніне 2500 полиция қызметкері жұмылдырылады.