Алматыда Қытай мен Қазақстанның мәдениет жәрмеңкесі өтті

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Іс-шара Абай алаңында өтті. Жәрмеңке қонақтары екі елдің бай мәдени мұрасымен танысты.

Шара Қытайдың Сиань қаласынан келген делегацияның сапары және ІІ «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылды.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Келушілер Қазақстан мен Қытайдың мәдени мұрасымен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Онда дәстүрлі музыкалық аспаптар, жанды музыка мен би, сондай-ақ барлық жастағы адамға арналған интерактивті алаңдар ұсынылды.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Айта кетейік, делегация қонақтарын симпозиумдар, іскерлік келіссөздер және Қазақстанның оңтүстік астанасының негізгі көрікті жерлеріне экскурсиялар күтіп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыға Қытайдың Сиань қаласынан туристік пойыз келген болатын. 

Туристік делегация құрамында 246 адам бар. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет пен спорт саласының танымал өкілдері бар. Қытайлық қонақтар бес күн бойы еліміздің оңтүстік астанасының тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысып, түрлі шараға қатысады.