Алматыда Қытайдың Changan, Chery, Haval маркалы автокөліктері шығарыла бастайды

Алматыда екі жаңа автозауытты іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Алматы әкімдігі

Ведомствоның мәліметінше, Алматыда кемінде 220 мың автоөндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендтік зауыты жылына 90 мың авто және Orbis Manufacturing зауыты жылына 80 мың авто құрастырмақ.

Сондай-ақ Алматыда экономиканы сапалы дамыту мақсатында жыл сайын 10% деңгейдегі өсіммен инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл ретте инвестиция көлемі 2024 жылы 1,8 трлн теңге, 2025 жылы 2,1 трлн теңгеге жетпек. 

Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен қатар Алматы қаласының индустриялық аймағын 194 гектарға кеңейту 2025-2026 жылдары 230 млрд теңге сомасына қосымша 7 ірі жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. 

Фото: Алматы әкімдігі

«Осы шаралардың арқасында қала экономикасының өсуі 2024 жылы 5,5% деңгейінде, 2025 жылы 6,5%-ға дейін өсуін жеделдете түседі деп күтіледі», - деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында.