Алматыда қыздар шеруі өтіп, қазақстандықтарды референдумға қатысуға үндеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Жаңа адамдар қыздар шеруін өткізді.
Акция қатысушылары «Менің дауысым — менің күшім» деп, азаматтарды ел болашағына қатысты шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырды. Белсенді қыздардың шеруін дауылпаздар ритмі сүйемелдеп, акцияның көрнекі әрі дыбыстық символына айналды. Бұл ритм қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, 15 наурызда өтетін жаңартылған Конституция бойынша референдумға қатысуға үндеді.
Акция әр дауыстың маңызын еске салды. Белсенділердің айтуынша, тарихта әйелдердің қоғамдық белсенділігі көптеген елде азаматтық құқықтардың кеңеюіне ықпал еткен маңызды факторлардың бірі болды. Бұл мысал азаматтардың белсенді ұстанымы қоғамдағы өзгерістерге әсер етіп, оның дамуына ықпал ете алатынын көрсетеді.
Шеруге қатысқан белсенді қыздар 2022 жылғы референдумнан кейін Қазақстан жаңа даму бағдарын — Әділетті Қазақстан бағытын бекіткенін атап өтті. Осы уақыт ішінде заң мен тәртіп қағидаттарына, жауапкершілікке, адамға құрметке, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске және азаматтардың құқықтарын қорғауға деген назар күшейді. Қоғам талапшыл болып, қоғамдық мәселелерді талқылау мен шешуге белсенді қатыса бастады.
— Бүгін Жаңа адамдардың қыздары азаматтық дауыстың күші мен маңызын еске салып, барлық қазақстандықты референдумға қатысу құқығын пайдалануға шақырады. Бүгін дауылпаздар ел таңдаған өзгерістер ритмінде соғылады. Елдің болашағы өздігінен туындамайды, оны өз мемлекетінің тағдырына жауапкершілік алып, белсенді қатысатын адамдар құрады, — деді Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы Әсел Баденова.
Шеру заң мен тәртіпті сақтау аясында қала сыртында өткізілді.
Айта кетелік Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлік тегін болады.