Алматыда қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесінің ісі сотқа жолданды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ер адамға алты жастағы балаға қол көтерді деп айып тағылып отыр.

Фото: Видеодан скрин

Оқиға жаздың басында болған. Әлеуметтік желілерде мейрамханалардың біріндегі ойын бөлмесінде ер адамның баланы екі рет ұрған сәті түсірілген видео тарады. Бұған оның баласына балалар ойнап жүрген ойыншық шардың байқаусызда тиіп кетуі себеп болған.

Зардап шеккен баланың анасы ер адамның әрекеті ұлына ауыр соққы болып тигенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектеп мен колледжде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізілетінін жазған едік.