68 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. № 1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустарының қозғалысы сағат 11:30–ға дейін тоқтатылады.
Әр бағыт бойынша уақытша қозғалыс сызбаларын @AlmatyJoly Telegram-арнасындағы тіркелген құжаттан көруге болады.
— Сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз, — делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.
Айта кетелік Астанада үш автобус уақытша бағытын өзгертеді.