Спикердің айтуынша, қазақстандық нормативтер қаланың тар көшелерінде арнайы қоғамдық көлік жолақтарын құру үшін алты жолақтың болуын талап етеді.
«Біз мегаполис үшін арнайы техникалық шарттарды әзірлеп жатырмыз, сонымен қатар бір жолақтың енін азайтуды ұсынамыз. Қазір жолдағы бір жолақтың ені көліктер үшін 3,5 метр, қоғамдық көліктер үшін 4 метр. Көптеген елде жолақтардың өлшемі 2,7 және 3,1 метр. Қаламыз үшін сондай параметрді көздеп отырмыз. Кейін таңба сызуды өзгерте аламыз, жолдың бойында бос жерлер пайда болады, онда біз қоғамдық көліктер мен веложолдарға арналған жолақтарды жабдықтайтын боламыз», - деді спикер.
Айта кетейік, бүгінгі қалада Райымбек даңғылында жылдам транзит (БРТ) жобасына ерекше назар аударылып келеді. Бұл ретте жол бойында автобустарға басымдықты беру үшін екі жолақты (жолдың әр жағынан бір-бірден) толығымен қоғамдық көлікке беру, арнайы бағдаршамдар мен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланып отыр.