Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері мегаполистің 19 табиғатты қорғау бекетінде автокөліктер тарапынан экология талаптарды бұзудың 12 мыңнан астам дерегі анықталған.
— Экологиялық қауіпсіздік — азаматтарымыздың денсаулығына және шаһардың таза ауасына қосылған нақты үлес. Тәртіп бұзушылар қоршаған ортаны ластау жауапкершілік екенін түсінуі керек. Экологиялық бекеттердің арқасында біз тек анықтап қана қоймай, зиянды салдардың алдын аламыз, — деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Тәртіп сақшылары жүк және құрылыс техникаларына, сондай-ақ артынан лас із қалдыратын көліктерге назар аударып отыр.
Сонымен қатар биыл Алматыда абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 15 мыңнан астам хаттама толтырылса, ал қоғамдық орындарды ластағаны үшін 6 мыңнан астам хаттама рәсімделген.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 6 автобус маршруты уақытша өзгеретінін жазғанбыз.