Алматы әкімдігінің мәліметінше, 25 қыркүйек 00-ден 17:00–ге дейін аспалы жол тоқтатылады. Сонымен қатар автокөлікпен кіруге, жүргіншілер жолдары мен соқпақтарымен жүруге болмайды.
Қала әкімдігі алматылықтардан сапарларын жоспарлаған кезде уақытша шектеулерді ескеруді сұрады.
Айта кетейік, Көктөбе саябағы Алматының көрікті жерлерінің бірі болып саналады. Ол теңіз деңгейінен шамамен 1 100 метр биіктікте аттас тауда орналасқан.
Еске салайық, Шымбұлақтағы аспалы жолдар уақытша жабылатыны хабарланды.