Алматыда көлік қағып кеткен жеті жасар бала ауруханаға түсті
21:14, 11 Мамыр 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы «Шұғыла» ықшам ауданында кішкентай баланы көлік басып кетті.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты бүгін сағат 13:30-да болды.
— «Шұғыла» шағын ауданында оңтүстік бағыттағы аула жолымен келе жатқан Changan көлігінің жүргізушісі шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар баланы қағып кеткен. Салдарынан бала дене жарақатын алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды, — деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Наурызбай аудандық полиция басқармасы апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.
Осыған дейін Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кеткен болатын.