Алматыда көлік жөндеу орталығы өртенді

Алматыда түнде техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер көлік шеберханасына тұрған 10 көлікті аман алып қалды, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Kazinform

17 қазан түнгі сағат 01:03-те қалалық ТЖД - нің күштері мен құралдары Наурызбай ауданы Машан көшесі, 308/54 мекенжайына жіберілді.

«Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бригадасы келген кезде техникалық жөндеу орталығы лапылдап жанып жатқан. Куәгерлердің «101» пультіне кеш хабарлауына байланысты жалын өршіп үлгерген. Жанында орналасқан көлік жуу және әкімшілік кеңсесіне таралу қаупі төнді. Алдын алу шараларының нәтижесінде 01:41-де сөндірілді», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған 10 автокөлікті өрттен қорғап қалды.

Айта кетейік, өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.