Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде адам болмаған. Күдіктілер қозғалыс құралының артқы терезесінен оқ атқан. Алматы қаласының Полиция департменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілерді ұстауға және істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі ломбардқа қарулы шабуыл жасаған адамға сот үкімі шыққанын жазғанбыз.