Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды

Фото: Фото: МВД РК

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесі табылды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайды растады.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осыған дейін Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік

Сондай -ақ маусым айында Алматыда саябақтағы аттракционнан құлаған жас келіншек мерт болды.