Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайды растады.
«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Осыған дейін Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Сондай -ақ маусым айында Алматыда саябақтағы аттракционнан құлаған жас келіншек мерт болды.