Ведомствоның мәліметінше, құжаттар OQU Bilim ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып жатыр.
Бүгінде 8 182 өтініш тіркелді, бұл — мемлекеттік білім беру тапсырысының жоспарланған көлемінің 46,1%-ы.
— Биыл қаладағы 58 колледжде маман даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 17 173 орын болады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 88 колледж жұмыс істейді. Онда 131 мамандық пен 220 біліктілік бойынша 86,8 мыңнан астам студент білім алып жүр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ҰБТ тапсырған 233 мың талапкердің 177 мыңы шекті балл жинағанын хабарлаған едік.