Қалалық Полиция департаментінде бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған ұқсас қайғылы жағдай Орал қаласында болғанын жазғанбыз. Бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті.
Сондай-ақ Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған болатын.