«Медеу ауданы Самал-2 мекенжайында бүгін сағат 9:24 шамасында көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру дәрежесі бойынша жіберілді. Алғашқы келген бөлімше 17 қабатты тұрғын үйдің шатырында желдету жүйесінің қаптамасы мен ағаштан жасалған жабындының жанғанын анықтады. Салдарынан өрттің таралу қаупі туындады»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт 8 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Дереу судың үздіксіз беруі ішкі өрт сөндіру кранынан қамтамасыз етіліп , қосымша өрт оқпандары жіберілді. Өрттің желдету арналары арқылы төменгі қабаттарға таралуына жол берілмеді»,-деп атап өтті ведомстводан.
Қабылданған шаралардың көмегімен өрт 09:54-те толық сөндірілді.