АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.
Айтуынша, жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.
«Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді», - деді Қасымхан Алпысбайұлы.
Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі - вакцинация екенін еске салды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.