«2 қарашадан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының көші-қон бөлімі уақытша Жетісу ауданы, "Құлагер" шағынауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайтын болады. Бұған дейін көші-қон қызметтері Түрксіб ауданы, "Қайрат" шағынауданы, 181 ("Семиречье-Жетісу» сауда орталығында) мекенжайында көрсетілген болатын», - деп хабарлады Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі.
Филиалда сондай-ақ алдағы уақытта азаматтарды бұрынғы мекенжай бойынша қайта қабылдау туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.
Жаңа мекендегі көші-қон жөніндегі ХҚО дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.