Алматыда көше жарықшамын қағып кеткен көлік иесі іздестіріліп жатыр

Алматыда түнгі уақытта белгісіз автокөлік көше жарықшамын қағып кетті, салдарынан жарықшам жол бойында құлап түсті, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті

Алматыда түнде жол бойында құлап жатқан жарықшамның видеосы желіге шықты. Жазбада жарықшамның Рысқұлов даңғылы бойында құлап жатқаны жазылған. 

«Алматы Қала Жарық» кәсіпорны түнгі сағат 02.44-те Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы мен Данченко көшесінің қиылысында жарықшамның құлағанын хабарлады.

«Жарық нүктесі белгісіз көліктің қағып кету себебінен зақымданған. Көлік иесі оқиға орнын тастап, жасырынып үлгерді. Осыған байланысты 102 арқылы әкімшілік полицияның патрулі шақырылды. Олар жол-көлік оқиғасын тіркеді», - делінеді «Алматы Қала Жарық» МКК хабарламасында.

Қазір жарықшам уақтылы сөндіріліп, тұрған учаскеде қауіпсіздік шаралары қабылданды.

«Жарықшамды толық бөлшектеп, жоғары вольтты желілерді орнату қажет. Авариялық-жөндеу бригадасының қызметкерлері жарықтандыру діңгегін қалпына келтіріп жатыр. Жағдай бақылауда», - деп хабарлады «Алматы Қала Жарық» МКК баспасөз қызметі.