АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында ерекше жол таңбасы сызылған.
Көшенің жиектасқа жақын шеткі бөлігі түрлі түсті боялған. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде ерекше жол таңбасының не үшін қажет екенін сұрап, әртүрлі болжамдар жасады.
Еске салайық, биыл Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызу жоспарланған.
Досбол Атажан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Алматы ақшамы» газетінде бастады. «Kazinform» халықаралық агенттігінің Алматы қаласындағы меншікті тілшісі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.