Алматы қаласының Алмалы ауданында, Жамбыл көшесінде екі ярусқа орналастырылған 40 контейнерден жабдықталған қоймада өрт шықты. Өрт екі қабатты әкімшілік ғимаратқа ішінара таралған.
Қойманың ішінде тауарлық-материалдық құндылықтардың көп болуы, жоғарғы температура және ішке кірудің қиындығы өрт сөндіру жұмыстарын күрделендірді.
Өрт 280 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.