Алматыда Қожанов көшесі де үш айға жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Қожанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.

Фото: Александр Павский/Kazinform

27 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматының Алмагүл шағын 15 үйінен Жароков көшесіне дейін Қожанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Қозғалыс екі жаққа да жабылады. 

«1976 жылы пайдалануға берілген, аталған көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін ұзындығы1240 метр құбырды реконструкциялау учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі», — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС. 

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үй, 5 балабақша, 4 білім, 2 денсаулық сақтау объектісін және өзге де 15 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. 

Жоғарыда көрсетілген тұтынушлар реконструкция кезінде ыстық сумен жабдықталады.

«Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», — деп хабарлады Алматы жылу жүйесі. 

Бұған дейін Алматыда Мақатаев және Жүргенов көшесінің 3 айға жабылатынын жазған едік. 

Айта кетейік, биыл мегаполисте ұзындығы 250 шақырым болатын 274 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.