Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде мұнаралы кран құлаған. Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты.
- Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Ал қалалық Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына бірден өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жіберілгенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлік жанармай бекетіне соқтығысқанын жазғанбыз.