АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 2023 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамту жобасы шеңберінде 385 тұрғын жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының еңбек мобильді орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асланбек Қуанышов мәлім етті.
«Күміс жас» жобасы бойынша 2024 жылы 400 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Былтыр 385 алматылық жұмысқа орналасты», - деді Асланбек Қуанышов.
Спикердің сөзінше, биыл мегаполисте 40 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады.
«2024 жылы белсенді жұмыспен қамту шараларымен 38 253 адамды еңбекке тарту жоспарда. Қазіргі уақытта жұмыссыздар ретінде орталықта 15 727 адам есепте тұр», - деді ол.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.