Су тасқынының алдын алу үшін 165 арнайы техника, 26 мотопомпа және 836 жұмысшы тартылды. 1825 қап құм дайындалды.
Алматыдағы «Қазгидромет» РМК сіркіреп жаңбыр жауады деп болжайды, таңнан сағат 14:00-ге дейін жел тұрып, екпіні 13 м/с дейін жетеді. Жауын-шашын 23 қыркүйекке қараған түні тоқтайды деген болжам жасады.
Күндіз ауа температурасы 12 14 градус.
"Жаңбырлы күні жолда абай болыңыз!
Жел күшейген жағдайда бұтақтар сынып, арық қоқысқа толып, бітеліп су тасқыны болуы мүмкін, сол себепті жаяу жүргіншілерден сақ болуды сұраймыз. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты сақтауға, шұғыл маневр жасамауға шақырамыз", - деп ескертті Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.