Алматыда құны 2,6 млрд теңге болатын Баспалар үйі мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Бас прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыдағы Алмалы ауданының прокуратурасы «Баспалар үйі» АҚ акцияларының 100 пайызын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылы бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі, құны 2,6 млрд теңге болатын акциялар жеке тұлғаға заңсыз және арзандатылған бағамен жекешелендірілген.

«Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың прокуратураның талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Алматыда көпфункциялы спорт орталығы салынып жатыр.