Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын заңсыз таңбаланған өнім тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполициямен бірлесіп жалпы құны 5 млн теңгеден асатын заңсыз тауар белгісінің жолын кесті.

Фото: Әділет министрлігі

Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполиция бөлімшесімен бірлесіп халықаралық құқық иеленушіге тиесілі бөтен тауар белгісін және айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан халықаралық құқық иеленушінің тауар белгісімен айырғысыз дәрежесіне дейін ұқсас белгі заңсыз таңбаланған 52 000 мыңнан астам өнімнің монтаждау желімі тәркіленді.

Тәркіленген өнімнің жалпы құны 5 млн теңгеден асады.

Тексеру нәтижесі бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттамалар толтырды.
Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады.

Айта кетелік Алматы облысында екі күнде 1 100-ден астам заңсыз алкоголь өнімі тәркіленген еді