Алматыда қураған шөп жасыл түске боялып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда коммуналдық қызметкерлер жолдардың жиегіндегі шөпті жасыл түске бояған.
Алматы әкімдігінің жауабына сәйкес, жазда жауын-шашынның аз болуына байланысты Медеу ауданында көгалдың эстетикалық көрінісін сақтау үшін тыңайтқыштар қосылған арнайы бояғыш қолданылды.
– Аталған құрал органикалық пигменттер негізінде жасалған, улы заттардан таза және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Ол шөп жамылғысына жасыл реңк беріп, оның жақсы сырт келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл өнім сертификатталған және АҚШ, БАӘ, Испания мен Оңтүстік Корея сияқты климаты ыстық елдерде кеңінен қолданылады, - деп хабарлады әкімдіктен.
Сонымен қатар жасыл желекті суару, күтім жасау мен көгалдандыру жұмыстарына, соның ішінде қуаңшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызуға назар аударылып отырғаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жер жасыл бояумен боялған еді. Онда қала әкімдігі газон шөбінің тұқымына гидросебу тәсілі қолданылғаны хабарлады.