Алматыда құрылыс дүкенінен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

Фото: Фото: Алматы қ. ТЖД

Алматыда жеке үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 25 қыркүйек, түнгі сағат 02:29 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 118 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені өртеніп, жалын үйдің шатырына таралып үлгерген. Қызыл жалын 290 шаршы метр аумақты шарпыды», – деп мәлім етті департаменттен.

Фото: Алматы қ. ТЖД

Жалын сағат 03:04-те оқшауланып, 03:51-де толығымен жойылды.


«Өрт сөндірушілер оңтүстік және солтүстік жағында орналасқан екі жеке тұрғын үйді оттан қорғап қалды», – деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Фото: Алматы қ. ТЖД

Ведомстводан атап өткендей, тілсіз жаумен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолынан жарақат алған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.