Алматы қалалық құрлыс басқармасынан мәлім еткендей, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2021 жылдың тамызында басталған. Алайда, осы жұмыстарды өз мойнына алған «Бұрған-2005» ЖШС жұмысты тиісінше орандамады. Аталған компания Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп танылды.
Қазір кешенді салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Нысанды пайдалануға беру актісі қол қою сатысында. Кешенді қаланың коммуналдық меншігіне беру 2025 жылдың қаңтар айына жоспарланып отыр. Қазір ғимарат инженерлік желілерге қосылған, аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Жалпы, жыл басынан бері қалада «Алатау» шағын ауданында ауысымына 149 адамға және «Зерделі» шағын ауданында ауысымына 98 адамға арналған спорт орталықтары ашылды.
Осыған дейін Алматы әкімдігі жауапсыз 30 мердігер компанияны сотқа бергені туралы жазған едік.