Алматыда Лавренев көшесі төрт күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Лавренев көшесінің бірнеше учаскесі уақытша жабылады.
«Алматы жылу жүйесі» мекемесі атап өткендей, 19 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 10:00-ге дейін Бекмаханов-Майлин жолайырығынан теміржол өткеліне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Сүйінбай даңғылы мен Захаров көшесі арқылы айналып өтуге болады.
«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.