Оның айтуынша, жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия және тағы да басқа профильдер бойынша мыңдаған операция жасалып жатыр. Мұндай операциялар күрделілігіне байланысты емханалар мен ғылыми орталықтар деңгейінде де жасалуы мүмкін.
«Мысалы, 2024 жылы МӘМС арқылы 128 мыңнан астам операция жасалып, оған 79,1 млрд теңге төленген. Оның ішінде жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляцияларға Қор 14,7 млрд теңге төледі. Сақтандырылмаған азаматтар осындай операцияларды жасататын болса қалтасынан бірнеше миллион төлеген болар еді», — деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
2024 жылдың 9 айында Алматы қаласында 5200 кардиохирургиялық операция, 3300 нейрохирургиялық ота, лор-профилі бойынша 250 операция жасалған.
«Соңғы кезде артроз, артрит сынды буын ауруларының көбеюіне байланысты тізе, жамбас буындарын алмастырушылар саны күрт артқаны белгілі. 2024 жылы алматылық травматологтар осындай 3500 операция жасаған. Оған МСҚ 5,2 млрд теңге төледі», — деді филиал директоры.
Еске салайық, бұған дейін МӘМС-ке айлығы жоғары қазақстандықтардан 250 млрд теңге түспей жатқанын жазғанбыз.