Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, тіркелген қарудың болуы, түрлі құқық бұзу үшін жауапқа тарту фактілері туралы сауалнамалық мәліметтері, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпаратты қамтитын әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды.
Тексеру 1000-ға жуық заң бұзуды анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде:
- көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;
- қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;
- заңсыз жалға алудың 114 фактісі;
- жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
- жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567 фактісі;
- алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.
— Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап еткен еді.