«Аталған білім беру ұйымының басшысы жұмыстан босатылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұндай фактілер тіркелген кезде балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері дереу оқиға орнына барады және тергеуге қатысады, сондай-ақ іс комитеттің тұрақты бақылауында болады. Әр жағдай бойынша жедел түрде тиісті кеңестер өткізіледі», - деді Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен баспасөз қызметінде.
17:18, 02 Қараша 2023
Алматыда мас күзетші оқушыны зорламақ болған: мектеп директоры жұмыстан шығарылды
Алматы облысының Қарасу ауылында мектеп күзетшісі мас күйінде 6 сынып оқушысын зорламақ болған. Күзетші 15 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.