Алматыда Медеуге баратын жол жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешеніне баратын жол жабылады. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 

Фото: Алматы әкімдігі

«15 тамыз күнгі сағат 23:00-ден 16 тамыз күнгі 07:00-ге дейін қозғалыс «Ақбұлақ» бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 шақырым. Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер қайтарылғанын жазған едік. Бұл жердің нарықтық құны 3 млрд теңге болады.