Алматыда мемлекетке қайтарылған үй-жай бөліп төлеу арқылы сатылады

Фото: Gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna порталында Алматы қаласының Көктем-2 шағын ауданы, 22-үй мекенжайында орналасқан тұрғын емес үй-жай бөліп төлеу форматында саудаға қойылғанын хабарлады.

Тендер 2025 жылғы 15 қазан күні сағат 10:00-де өтеді. Бастапқы баға: 4 377 184 000,00 теңге

- Бөліп төлеу форматы әлеуетті сатып алушыларға саудаға қатысу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады, - деп хабарлады компания.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда «Байсат» базары сатылымға шығарылғанын жазғанбыз.