Алматыда Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Рәміздер күніне орай Медеу мұз айдынында көк ту көкке көтерілді.

Байрақ мемлекеттік Әнұран шырқалғанда тұғырға көтерілді.

Патриоттық іс-шара «Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. 

Фото: Алматы әкімдігі

Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты.

Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар мен Әнұран салтанатты түрде шырқалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің Әнұранын орындады. 

Фото: Алматы әкімдігі

Мерекелік іс-шаралар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концертімен аяқталады.

Еске салайық, 2019 жылы Медеуге Алматыдағы ең үлкен Мемлекеттік ту орнатылған болатын. 

Тутұғырдың биіктігі - 40 метр. Тудың ені - 7 метр, ұзындығы - 14 метр.