17 қыркүйекте Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Қала күнін кең көлемде атап өтті. Іс-шарадан кейін шаһардың коммуналдық қызметтері түні бойы қаланы қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы тазалық» мерекеде жұмыстың көбейетінін, яғни тазалыққа көп уақыт жұмсалатынын айтады. Мейрамға дейін және кейін көшенің қандай болғанын екінің бірі байқай бермес. Ал олар тиісті үдеден шығып, қаламызды таза әрі жайлы етеді», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Мереке күндері қаланы сыпырып, тазалауға 596 техника мен 1246 жұмысшы жұмылдырылды. Екі күнде 520 текше метр қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, кеше алматылықтар Қала күнін тойлаған болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.