АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метросы техникалық ақауға байланысты уақытша тоқтатылды.
Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық себептерге байланысты Райымбек станциясынан Момышұлы стансасына қарай бет алған жолаушылар Мәскеу бекетінде түсірілді.
«Мамандар барлық ақауды жойды. Алматы метросының жұмысы сағат 18:05–те қайта жанданды. Пойыздар кесте бойынша жүреді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін тағы да кешірім сұраймыз», — деп атап өтті метрополитенен.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.