Алматыда мейрамхана демалушыларын балағаттаған шетелдік 5 күнге қамалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы мейрамханаларының бірінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Фото: видеодан алынған скрин

Онда ер адамның көрші үстелде отырған әйелге балағат сөздер айтқанын көруге болады. Алматы қаласының Полиция департаменті ер адамның аты-жөні анықталғанын хабарлады. Құқық бұзушы Қазақстан азаматы емес, Канада азаматы.

- Азаматтығына немесе мәртебесіне қарамастан, Қазақстан аумағында заң талаптары баршаға ортақ. Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен Канада азаматына 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция еліміздің аумағында жүрген әрбір адам заң талаптарын сақтап, айналасындағыларды құрметтеуге міндетті екенін ескертті.

Еске салайық, Алматыда қоғамдық орында балағаттаған шетелдік 10 күнге қамалды.