Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт сөндірушілерге тоқ соғу қаупі төнген.
«Жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілген өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Алайда өрт сөндірушілерге қауіп туындады – 380 вольтты электр желісінің тоқ көздері ашық болған. Жеке құрамның арасында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, жедел келген авариялық энергетика қызмет бригадасы нысанды тоқ көзден ажыратып тостағанша күтуіне тура келді», - деп хабарлады департаменттен.
Қызыл жалын «Modi Restoranchik» мейрамханасының 95 шаршы метр шатырын шарпыды.
Қабылданған шара бойынша мейрамхана қызметкерлері үшін жақын орналасқан тұрмыстық үй-жайлар өрттен қорғалды.
Өртті жоюға 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің қызыл жалынды қалай сөндіргенін де көрсетті.