Оның бұл қылығына әлеуметтік желінің өзге қолданушылары шағым білдірді. Кейін блогер өз қылығы үшін кешірім сұрап, бейнежазбаны өшірген.
Дегенмен, Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторын полиция бөлімшесіне жеткізді.
- Қыз балаға қатысты түсіндіру және алдын алу әңгімесі жүргізілді, оның мақсаты – мұндай әрекеттердің қайталануына жол бермеу. Ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады, - деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер қамауға алынды.