Оның айтуынша, жасөспірімдер қылмысы 7%-ға, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 4%-ға төмендеген. Сонымен қатар түнгі уақытта балалары үйден жырақта, қараусыз жүргені үшін 11 мыңға жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды.
— Кәмелетке толмағандар арасында ауыр қылмыстың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Қылмысты уақытылы ауыздықтау керек, — деді Тимур Ноғайбаев.
Ал отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыс саны 16 пайызға төмендеген. Осы жылдың 7 айында полиция 4 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарған. 808 адамға қатысты сот қайталама зорлық-зомбылыққа жол бермеуге бағытталған арнаулы шектеу белгіленген. Сонымен қатар 37 құқық бұзушы психологиялық түзету бағдарламаларынан өтуге жолданды.
Еске салайық, Алматыда жыл басынан бері алкогольдік масаң күйде 224 қылмыс жасалды.