Спикердің сөзінше, бейімдеу бағдарламасы емдеуден кейінгі өмірді қалпына келтіруге, рецидивті болдырмау және қоғамға қайта қосылуға көмектеседі.
– Көп жағдайда олар қиындықтармен бетпе-бет қалып, әрі қарай қалай әрекет ету керектігін білмейді. Адамды тәуелділіктен арылту ғана емес, оған кейінгі өмірге құрал беру де маңызды. Қолөнер – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл тірек және нұсқаулық, аяққа тұру мүмкіндігі, – дейді маман.
Жаңа бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибелі шеберлер мен психологтардың жетекшілігімен қолөнер мамандықтарын игере алады.
– Біз қолөнер сабақтары пациенттерге өмірдің жаңа мағынасын табуға көмектескен сәтті мысалдарды көрдік. Енді осы тәжірибені жүйелі түрде енгізіп, мүмкіндігінше көп адамға қолдау көрсетуді мақсат етудеміз, – деп атап өтті «Наркостоп» жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі волонтері Жанна Нурсеитова.
Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының мәліметіне сәйкес, жыл сайын реабилитациядан 500-ден 800-ге дейін пациент өтеді.
Осыған дейін Алматыда есірткіге тәуелділердің 44 пайызы оны қызығушылықтан қолданғаны туралы жазған едік.