Алматыда наубайхана өртеніп, қала кіреберісінде үлкен кептеліс пайда болды

Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Медеу ауданында цех өртенді. 

Алматы қаласы ТЖД мәліметіне сәйкес, сағат 09:17–де өрт сөндіру бригадалары Халиуллин көшесінде жалын шарпыған нысанға жіберілген.

Оқиға орнында 5 минутта жеткен құтқарушылар тоқаш өнімдерін шығаратын 1 қабатты цехтің өртке оранғанын анықтаған.

— Қабылданған жедел шаралармен өрт 37 минут ішінде сағат 9:59–де оқшауланды. Өрттің таралу қаупі және зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ТЖД.

Фото: Видеодан алынған скрин

Төтенше жағдайға байланысты Талғар трассасында үлкен кептеліс пайда болды. Әлеуметтік желіде ұзын-сонар тұрған көліктердің бейнежазбасы тарады.

Еске салайық, кеше Атырауда «Ақжайық» резерватындағы қамыс өртін әлі сөндіріп жатқанын жазғанбыз.