Алматыда Наурыз қалай тойланып жатыр

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының 8 ауданында және Абай алаңы мен Астана алаңында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Алматы қаласында Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойланып жатыр.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Таң сәріден бері қала тұрғындары мен қонақтары киіз үйлер тігіліп, үлкен сахнада орнатылған Астана алаңына көктем мерекесін тойлап жүр. Бұл алаңдағы салтанатты шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Көрермендерге «Алматы — Наурыз құшағында» атты ауқымды концерт ұсынылды. Онда аңызға айналған өнер жұлдыздары: «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Төлеген Рахымбаев, «КешYOU» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Енді сағат 18:00–де осы алаңда танымал әншілер қатысатын Juldyzdy Almaty кешкі фестивалі өтеді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Одан бөлек Абай алаңында мәдени мұра мен заманауи технологияны біріктіретін NauryzFest фестивалі ұйымдастырылды. Республика сарайының алдында ерекше безендірілген киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды. Қазір мұнда мерекелік концерттен бірге ұлттық ойындар мен түрлі жарыстар өтіп жатыр.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сонымен қатар Алматы метросының әр бекетінде қазақ халқының мәдениетін дәріптейтін көрмелер ашылды. «Байқоңыр» бекетінде «Сазген Сазы» ансамблі ұлттық аспаптардың үнімен музыкалық шоу көрсетті.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ал Алматы халықаралық әуежайында Наурыз мерекесіне орай ерекше «Тәтті кәде-сый сыйлыққа» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты — қалаға келген шетелдік туристерге мерекелік көңіл-күй сыйлау және қазақ халқының қонақжайлығын көрсету.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото:Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әуежайдың халықаралық терминалына келіп қонған туристерге ұлттық ою-өрнектермен безендірілген және көктемнің символдарымен нақышталған тәтті кәде-сый беріліп жатыр. Осы шара аясында Алматыға келген шамамен 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға сый-құрмет көрсетіледі. Оған қоса әуежайда арнайы фотозона ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы баннерлермен безендірілді.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Александр Павский / Kazinform
Фото: Александр Павский / Kazinform

Еске салайық, бұған дейін бағзы заманда Наурыз мерекесінің қалай тойланғанын жазғанбыз.