АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы мектептердің бірінде оқушы есінен танып қалды. Оның себебін қалалық білім басқармасы түсіндірді.
Telegram арналарының бірінде «есірткіні шамадан тыс пайдаланған №56 мектеп оқушысын жедел жәрдем алып кетті» деген ақпарат пайда болды.
Алматы қалалық Білім басқармасы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
«Қыз бала шамадан тыс шаршау салдарынан есінен танып қалған. Жеткіншекке келген жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті көмекті көрсетті», - деп түсіндірді ведомстводан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.