Алматыда оқушылар ауа райына байланысты екі күн қашықтан оқиды

Фото: Pixabay

Алматы оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы қаланың Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, Алматыда 13-14 желтоқсанында күн күрт суиды. Түнде 25-27 градусқа дейін аяз болады.

«Осыған орай 13-14 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді»,- деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, кеше түнде басталған қар әлі тоқтаусыз жауып тұр.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады.